Беларусь Президенті Александр Лукашенко 2026 жылы Иранға ресми сапармен баруы ықтимал.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Иран Ислам Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Саид Хатибзаде мәлімдеді.
Иран Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Беларусь Президенті Александр Лукашенконың сапары келесі жылы өтуі мүмкін.
Саид Хатибзаде: “Келесі жылы Беларусь Республикасы Президентінің Иранға жоғары деңгейдегі сапарын күтудеміз”, – деді.
Сондай-ақ, Саид Хатибзаде жақын арада Иран Сыртқы істер министрінің Минскіге сапарын ұйымдастыру жоспарланып отырғанын айтты.
Оның сөзінше, қазіргі уақытта тараптар экономикалық мәселелер жөніндегі үкіметаралық комиссия отырысын және екі елдің Сыртқы істер министрліктері арасындағы консультацияларды өткізу мүмкіндігін талқылап жатыр.
Айта кетейік, Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары Саид Хатибзаде еуразиялық қауіпсіздік мәселелеріне арналған Минск III халықаралық конференциясына қатысу үшін Беларуське сапармен барды.


















