Иранның Мұнай министрі Мохсен Пакнежад Беларусь Республикасының Өнеркәсіп министрі Андрей Кузнецовпен энергетика және өнеркәсіп салаларындағы ынтымақтастықты талқылады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иран Мұнай министрі Мохсен Пакнежад кеше, дүйсенбі, 8 желтоқсан күні Беларусь Өнеркәсіп министрі Андрей Кузнецовпен кездесіп, келіссөз жүргізді. Кездесу барысында тараптар энергетика, өнеркәсіп және мұнай-химия салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Иранның Мұнай министрі Мохсен Пакнежадтың айтуы бойынша, Иран мен Беларусь көптеген бағытта, әсіресе энергетика саласында ынтымақтасып жұмыс істеу үшін зор әлеуетке ие.
Ол дос екі елдің осы мүмкіндіктерді пайдалануы үшін өзара тиімді келісімшарттар пакеті әзірленіп, дайындалғанын айтты.
Беларусь Республикасының Өнеркәсіп министрі Андрей Кузнецов екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық білдіріп, елінің барлық бағыт бойынша, әсіресе мұнай-химия саласында және ирандық өнімдер мен катализаторларды импорттау жөнінде ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін баса айтты.


















