Иран ғалымдары нанотехнологияны қолдану арқылы синтетикалық сүйек имплантын ойлап тапты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл жаңалық сүйек тіні регенерациясының жылдамдығы мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.
Жаңа имплант адам сүйегінің табиғи құрылымын қайталайды. Ол табиғи сүйек тінінің негізі болып табылатын гидроксиапатит минералының нанобөлшектерінен жасалған. Бөлшектердің мөлшері 50 нанометрден аз.
Имплант қанды тез сіңіріп, жаңа тіннің қалыптасуына негіз жасап, сүйектің табиғи өсу процесін ынталандырады.
Имплант хирургтерге ыңғайлы болу үшін ұнтақ, түйіршік, тығыз және жұмсақ блоктар, сондай-ақ торлы таяқшалар түрінде шығарылады.
Бұл дәрігерлерге кез келген операцияға ең қолайлы нұсқаны таңдауға мүмкіндік береді.
Клиникалық сынақтар әсерлі нәтиже көрсеткен. Бұл жаңа әзірлеме сүйектің жазылуын дәстүрлі әдістермен салыстырғанда түйіршік түрінде 75 пайызға, ұнтақ түрінде 63 пайызға дейін жылдамдатады.
Қазір Ирандағы осындай материалдардың 80 пайыздан астамы шетелден жеткізіледі.
Иранда жыл сайын сүйекке пластикалық операция жасауды қажет ететін шамамен 26 мыңға жуық ота жасалатынын ескерсек, ирандық өндірістің іске қосылуы қаражатты үнемдеп, клиникаларды қажет материалдармен үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Сарапшылардың пікірінше, бұл ғылыми әзірлеменің табысы Иранның биомедицина саласындағы ғылыми-технологиялық тәуелсіздігін нығайтып, отандық медициналық технологиялардың болашақ экспорттық әлеуетін арттырады.


















