Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің төрағасы Нұрланбек Шакиевті қабылдады.
Өзбекстан Президенті баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша 26 қыркүйекте өткен кездесуде Өзбекстан-Қырғызстанның достық, тату көршілік және жан-жақты стратегиялық әріптестік қатынастарын одан әрі нығайтудың өзекті мәселелері талқыланды.
Әңгімелесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жоғары деңгейі мен жемісті сипаты ерекше қанағаттанушылықпен атап өтілді.
Көпқырлы қарым-қатынастарды кеңейтуде, келісімдерді жоғары деңгейде жүзеге асыруда және перспективалы жобаларды ілгерілетуде, өңірлік және іскерлік деңгейде практикалық ынтымақтастық орнатуда, сондай-ақ екі елде мәдени-гуманитарлық іс-шараларды өткізуде парламентаралық тығыз байланысты дамытудың ерекше рөлі атап өтілді.
Сондай-ақ мамандандырылған халықаралық ұйымдар аясында өзара іс-қимыл мен үйлестіруді күшейтудің маңыздылығы атап өтілді.



















