Түркіменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов Меретдурды Абдуллаевты Қазақстанның Ақтау қаласындағы Түркіменстанның консулы етіп тағайындады.
Бұл туралы Түркіменстан мемлекеттік ақпарат агенттігі хабарлады, деп жазады ақпарат тілшісі.
Сердар Бердімұхамедов тиісті қаулыға дүйсенбі, 25 қыркүйекте қол қойды.
Қазақстанның Ақтау қаласындағы Түркіменстанның алдынғы консулы Мұхамметнұр Овезов басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды. Мұхамметнұр Овезов 2023 жылдың тамызында Сердар Бердімұхамедов қаулысымен Түркіменстанның Түркия Республикасындағы Бас консулы болып тағайындалды.
Айта кетсек, 2014 жылғы 19 ақпанда Ақтауда Түркіменстан консулдығы ашылды. Сол жылы қазан айында Түркіменстан Президенті Гурбангулы Бердымухамедов Түркіменстан мен Қазақстан арасында достық және туыстық қарым-қатынасты одан ары дамыту мақсатында Ақтауда консулдық ашу туралы қаулыға қол қойған болатын.
Екі ел қарым-қатынасы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салада табысты дамып келеді.












