Гуманитарлық жүк тиелген жүк көліктерінің алғашқы керуені Мысыр шекарасындағы Рафах бақылау-өткізу бекеті арқылы Газа секторына кірді деп хабарлайды CNN. Осы мәліметке сәйкес, 20 көлік өткеннен кейін қозғалыс қайта тоқтатылған.
Палестиналық ХАМАС тобының баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша «20 жүк көлігінен тұратын гуманитарлық көмек керуенінде дәрі-дәрмек, медициналық мақсаттағы бұйымдар және шектеулі мөлшердегі азық-түлік тиелген».
Топ өкілдері жеткізілім Газа секторындағы апатты денсаулық жағдайын өзгертпейді деп ескертті.
Рафах өткелі — Газадағы Израильдің бақылауынан тысқары жалғыз шекара өткелі. Оны тек Мысыр билігі ашып, жаба алады. Бұл шекара өткеліндегі қауіпсіздік пен бақылау-өткізу пункті режимін бір жағынан Мысыр шекарашылары, екінші жағынан ХАМАС күштері жүзеге асырады.
Дереккөзі: Asia-Plus



















