«SCAT» әуекомпаниясы Boeing 737-MAX 8 типті 7 жаңа ұшақты жеткізуге келісімшарт жасады.
Бұл туралы ҚР Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Осы мәлімет бойынша қарашаның 13-17 күндері Дубай қаласында өтіп жатқан «Dubai Airshow-2023» 18-ші халықаралық аэроғарыштық көрмесі барысында ұшақтар паркін кеңейту үшін Boeing 737-MAX 8 типті 7 жаңа ұшақты жеткізуге келісімшарт жасасты. Флотты тағы 7 жаңа Boeing 737-MAX 8 ұшағымен толықтыру әуе компанияның тасымалдау сыйымдылығын арттырады. Бұл өз кезегінде рейстердің уақытында орындалуына және бағыттыр желісін кеңейтуге оң әсер етеді. Қазіргі уақытта «SCAT» әуе компаниясының әуе кемелері паркі 37 ұшақты құрайды.
Айта кету керек, 2022-2023 жылдары Boeing 737 типті 9 жаңа ұшақ келген.

















