Ашхабадта 2023 жылдың 17 қарашасында Түркіменстан-Иран экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 17-ші отырысы өз жұмысын бастады.
ТР СІМ хабарлауы бойынша Түркіменстан делегациясын комиссияның тең төрағасы – Түркіменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары, Түркіменстан Сыртқы істер министрі Рашид Мередов, ирандық делегацияны комиссияның тең төрағасы – Иран Ислам Республикасының Қала құрылысы және Жол министрі Мехрдад Базрпаш басқарады.
Кездесуге екі елдің мүдделі министрліктері мен ведомстволарының басшылары мен өкілдері де қатысуда.
Отырыстың бірінші күнінің күн тәртібінде сауда-экономикалық, отын-энергетика салаларындағы, көлік және логистика, өнеркәсіп, ауыл және су шаруашылығы, инвестиция және стандарттау саласындағы екіжақты қарым-қатынастардың өзекті мәселелері, сондай-ақ өткен Үкіметаралық комиссия отырысының шешімдерінің орындалу барысы талданды.
Бүгін, 18 қарашада Түркіменстан-Иран үкіметаралық экономикалық ынтымақтастық комиссиясының отырысы өз жұмысын жалғастырды.


















