Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-ның Орталық Азия елдері экономикаларына арналған арнайы бағдарламасының (СПЕКА) саммитіне қатысу үшін Бакуге жұмыс сапарымен барды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Саммит БҰҰ-ның Орталық Азия елдері экономикаларына арналған арнайы бағдарламасының 25 жылдығына арналған. Іс-шараға СПЕКА-ға мүше елдердің президенттері және басқа да жоғары лауазымды тұлғалар қатысады.
Орталық Азия елдерінің көшбасшылары экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылайды, алдағы міндеттерді айқындайды, сондай-ақ өңір елдерінің экономикасын нығайтуға бағытталған бірқатар құжаттарды қабылдайды.
СПЕКА-1998 жылы құрылды. Бағдарлама Орталық Азия елдерінде экономиканың тұрақты дамуын және олардың өзара байланысын нығайтуды ынталандыратын экономикалық платформа болып табылады. Мүше елдер — Әзірбайжан, Түркіменстан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Ауғанстан.
Бағдарламаның мақсаты мүше мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты дамытуды және әлемдік экономикаға интеграцияны қолдау болып табылады.
Биыл бағдарламаға Әзірбайжан төрағалық етуде.
БҰҰ-ның Орталық Азия елдері экономикаларына арналған арнайы бағдарламасының 19-шы саммиті келесі жылы Тәжікстан астанасы Душанбеде өтеді.



















