Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында келесі аптада Иран киносының күндері өтеді деп жоспарланып отыр.
Ирандық фильм апталығы 23 қаңтарда Бішкек қаласындағы «Манас» кинотеатрының үлкен залында ашылады.
Қырғызстандағы Иран Ислам Республикасының Елшілігі жанындағы Мәдени өкілдігі мен елдің Кинематография департаментімен бірлесіп өткізілетін іс-шара 23-25 қаңтар аралығында өтеді.
Киноның көрсетілім бағдарламасына ирандық кинорежиссерлердің 2017-2022 жылдары түсірілген бес фильмі енген.
Кино апталығының ашылу салтанаты режиссер Аббас Аскаридің «Үміт періштесі» атты туындысымен басталады.
Қырғызстан мен Иранның кино саласындағы қарым- қатынасы тұрақты даму үстінде.
Иранның іріктелген фильмдері халықаралық конкурстар мен фестивальдарға қатысып, жүлделі орындарға ие болуда.



















