Қазақстанда тұңғыш рет Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Әншуақ» балалар әндерінің фестивалі ұйымдастырылады.
Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, фестивальге 6 жастан 18 жасқа дейінгі еліміздің барлық өңірінен балалар қатыса алады.
Кеше, 1 ақпан күні балалар әндерінің челленджі басталды.
Фестиваль шарты бойынша қатысушылар TikTok әлеуметтік желісінде #ӘНШУАҚ ортақ хэштегінің астына жанды орындаған әндерінің бейнесін жүктеуі қажет.
Ақпан айында басталған аталмыш фестиваль қорытындысы 1 маусым күні Халықаралық балаларды қорғау күні жарияланады.
Фестиваль аясында ең танымал әндерді орындаушылар өңір әкімдерінің республикалық гала-концертіне жолдама алады.
«Әншуақ» балалар әндерінің фестивалін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі ұйымдастырады.



















