Кеше, 1 ақпан күні Иран Ислам революциясының жеңісіне қатысты «Фаджр» онкүндігі басталды.
Осыдан 45 жыл бұрын 1 ақпан күні Ислам революциясының жетекшісі имам Хомейни 15 жылдық қуғыннан кейін Иранға оралды.
Имам Хомейни Иранға қайтып келгеннен кейін 1979 жылдың 11 ақпанында елде Ислам революциясы жеңіске жетті.
Иран БАҚ-ның хабарлауынша, «Фаджр» онкүндігіне орай Иранда бірқатар іс-шаралар мен рәсімдер өтуде. Сондай-ақ, «Фаджр» онкүндігіне орай Иран Үкіметі 4 ақпаннан бастап 28 елмен визаны біржақты алып тастау туралы шешім қабылдады.
Сонымен қатар, Иран «Фаджр» онкүндігі қарсаңында әрі Ислам революциясының жеңісіне биыл 45 жыл толуына орай алдағы жексенбіде алғаш рет Simorgh жерсеріктасығышының көмегімен орбитаға бірден үш жерсерігін жіберді.
Иран халқы Ислам революциясынан кейінгі 45 жыл ішінде осындай көп жетістікке қол жеткізді.
Иранда 1-11 ақпан аралығы «Фаджр» онкүндігі деп аталады.


















