Бүгін, 5 ақпан күні Қазақстан Республикасының Үкіметі орнынан түсті.
Бұл туралы Қаулы Ақорданың сайтында жарияланды.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым Жомарт Тоқаев бүгін, 2024 жылғы 5 ақпан күнгі Қаулыға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің орнынан түсуін қабылдады.
Президент Премьер-Министрдің міндеттерін Роман Васильевич Склярға уақытша жүктеді.
Қаулыда: «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастыра берсін» деп жазылған.
Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қызметін 2022 жылғы 11 қаңтардан 2024 жылғы 5 ақпанға дейін Алихан Смайылов атқарды.
Скляр Роман Васильевич 1971 жылы 8 мамырда Павлодар қаласында дүниеге келген.
Скляр Роман Васильевич 2022 жылғы 11 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.
2023 жылғы 3 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары қызметіне қайта тағайындалды.
2024 жылғы 5 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің міндетін атқарушы болып тағайындалды.



















