Иран астанасы Теһран қаласында таэквондодан G-2 санатындағы 6th President’s Cup Asia Region турнирі өз мәресіне жетті.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, 6th President’s Cup Asia Region таэквондо турнирінде Иран ерлер командасы чемпион атанды. Аталмыш жарыста ирандық таэквондошылар 6 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды.
G-2 санатындағы 6th President’s Cup Asia Region турнирінде Иран командасы бірінші орынды иеленсе, Қазақстан командасы жарысты екінші орынмен аяқтады. Қазақстан қоржынында 1 алтын және 3 қола бар. Иордания 1 алтынмен үшінші орынға көтерілді.
Әзірбайжан мен Пәкістан құрамалары төртінші және бесінші орындарға жайғасты.
G-2 санатындағы 6th President’s Cup Asia Region турнирі Иранның Теһран қаласындағы таэквондо залында ақпан айының 16-20 аралығында өтті.












