Ирандық таэквондо төрешісі 2024 жылғы Олимпиада ойындарына төрелік ету үшін Парижге аттанды.
Еуразия Тудейдің IRNA агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан 2024 жылғы Олимпиада ойындарында таэквондодан жарыс 7 тамыз, сәрсенбі күні басталады. Олимпиада ойындарында таэквондо спортында төрелік ету үшін таңдалған Иранның халықаралық таэквондо төрешісі Масуме Бақери кеше, жексенбі күні Париж қаласына аттанды. Бұл Олимпиада ойындарында таэквондо бойынша төрелік ететін Иранның алғашқы әйел төрешісі болмақ. Бұған дейін ирандық таэквондо төрешісі Маржан Теймури 2024 жылғы Паралимпиада ойындарына төрелік ету үшін таңдалған болатын. Масуме Бақери Маржан Тeимури секілді Олимпиада ойындарында таэквондодан алғаш рет төрелік етеді.
Айта кетейік, Париждегі Олимпиада ойындарында таэквондодан Иран намысын төрт спортшы қорғайды. 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарында таэквондодан жарыс 7-10 тамыз аралығында өтеді. Таэквондо жарыстарына әлемнің бірнеше елінен жалпы саны 128 спортшы қатысады.



















