Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеевтің қызы Саида Мирзиеева Zakovat халықаралық турнирі Астанада алғаш рет өтетінін мәлімдеді.
Еуразия Тудейдің Өзбекстан Республикасы Президентінің көмекшісі Саида Мирзиееваның мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Zakovat интеллектуалдық турнирі бүгін, 5 тамызда Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығында өтеді.
Zakovat халықаралық зияткерлік қозғалысы Астанада алғаш рет интеллектуалдық ойынын ұйымдастырып отыр. Қазақстан 2022 жылы Өзбекстанда өткен Zakovat интеллектуалдық ойындарының cоңғы шешуші кездесуінде 5:2 есебімен жеңіске жеткен болатын.
Zakovat интеллектуалды ойыны 2001 жылы құрылды. Zakovat — 20 жылдық тарихы бар өзбекстандық интеллектуалдық ойыны. Ойынды насихаттаудың бастамашысы — Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеев.



















