Қазақстанға Олимпиада алауы XXXIII Жазғы Олимпиада ойындары өтіп жатқан Парижден жетті.
Еуразия Тудейдің Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлауы бойынша, шахмат Олимпиадасы Астана амфитеатрында салтанатты түрде ашылды.
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов ФИДЕ президенті Аркадий Дворковичтен Олимпиада алауын қабылдап, шахмат Олимпиадасын ресми түрде ашты.
Олжас Бектенов шарада сөйлеген сөзінде Олимпиада алауының Астана қаласында жағылуы қазақстандықтар үшін зор мақтаныш екенін айтып, жоғары деңгейлі іс-шараны өткізу Қазақстандағы шахмат спортының дамуына үлес қосады деген сенім білдірді. Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек шараның ашылу салтанатында құттықтау сөз сөйлеп, қала чемпиондарын мақтан тұтатынын айтты.
Шахмат Олимпиадасына әлемнің көп дүркін чемпиондары Магнус Карлсен мен Хоу Ифань және қазіргі әлем чемпиондары Цзюй Вэньцзюнь мен Дин Лижэнь келді.
Әлем чемпионатына 39 командадан 350 шахматшы қатысады. Рапид жарысы 2-4 тамызда, блиц жарысы 5-6 тамызда өтеді.



















