Астана тұрғындары мен қонақтары Өзбекстанның екі фильмін Chaplin кинотеатрында тегін тамашалай алады.
Еуразия Тудейдің ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз орталығына сілтеме жасап хабарлауы бойынша, 6-7 тамыз күндері Астанада Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеевтің Қазақстанға сапары аясында Өзбекстанның кино күндері өтеді.
Ведомствоның мәліметінше, кино күндері «Абдулла Орипов: Тәуелсіздік әншісі» және «Жаса, әйел!» фильмдері көрсетіледі.
«Абдулла Орипов: Тәуелсіздік әншісі» фильмінде Өзбекстан мемлекеттік әнұраны мәтінінің авторы Абдулла Ориповтың өмірі мен шығармашылығы туралы баяндалады.
«Жаса, әйел!» комедиялық фильмі зейнетке шыққан ұмытшақ кейіпкер туралы.
Айта кетейік, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев Қазақстанда мемлекеттік сапармен 7-8 тамыз күндері болады.




















