Иранның Қызыл жарты ай ұйымының басшысы Пир Хосейн Коливанд осы аптада Палестинаға қатысты Халықаралық конгресс өтетінін мәлімдеді.
Бұл туралы Mehr ақпарат агенттігі Иранның Қызыл жарты ай ұйымының басшысы Пир Хосейн Коливандтың Халықаралық конгреске орай ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында айтқан мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлады.
Пир Хосейн Коливандтың айтуы бойынша, бүкіл әлемнің назарын Газа секторындағы адам құқықтарының өрескел бұзылуына аудару мақсатында Иранда Халықаралық конгресс өтеді.
Коливанд Израильдің Газа секторына гуманитарлық көмек жеткізудегі кедергілеріне тоқталып, халықаралық көмектің тек 25 пайызы ғана Газа секторына жеткенін атап өтті.
Сонымен қатар, Иранның Қызыл жарты ай ұйымының басшысы Газадағы қазіргі ахуал және бүгінде сионистік режим шабуылынан 30 мыңнан астам адамның қайтыс болғанын, 72 мыңнан астам адамның ауыр жарақат алғанын айтты.
Коливанд баспасөз мәслихатында сөйлеген сөзінің жалғасында Израильдің оккупациялық режимінің әрекеттері жергілікті халықтың мәжбүрлі түрде қоныс аударуына соқтырғанын мәлімдеді. Коливанд Израильдің Палестинаға қарсы қылмыстарын айыптап, қылмыстардың соншалықты көптігін тілге тиек етті.
Ол осыған байланысты Иранның Қызыл жарты ай ұйымы Халықаралық конгресс ұйымдастырып, заңгерлердің, ирандық және халықаралық саясаткерлердің шақырылғанын айтты.
Халықаралық конгресс бүгін, бейсенбі күні ирандық және шетелдік шенеуніктердің қатысуымен өтеді. Коливандтың мәлімдеуінше, конгреске Ираннан 900 адам және 106 шетелдік қонақ қатысады.


















