Иран мен Түркияның кеден басшылары Мохаммад Ризвани Фар мен Сезай Учармак бірлескен отырыс өткізіп, екі ел арасындағы сауда айналымына қатысты мәселелерді талқылады.
Mehr ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иранның Экономика министрінің орынбасары, Кеден басқармасының басшысы Мохаммад Ризвани Фар мен Түркия Сауда министрінің орынбасары, Кеден басқармасының басшысы Сезай Учармак бірлескен отырыс барысында Иран мен Түркия арасындағы сауданы дамыту іс-шаралар бағдарламасы жөнінде пікір алмасты.
Сонымен қатар Мохаммад Ризвани Фар мен Сезай Учармак екі ел арасында бұған дейін қол қойылған келісімдердің орындалу барысын талқылады. Кездесу барысында өзара түсіністік туралы меморандумның қорытындысы жасалды.
Мохаммад Ризвани Фар түрік әріптесімен кездесуінде Иранның сауда қатынасында Түркияның маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Оның айтуы бойынша, Түркиядан Иранға тауарлардың 12 пайызы импортталады, Түркияға Иран тауарларының 9 пайызы экспортталады.
Сондай-ақ, Мохаммад Ризвани Фар екі ел арасында жаңа бағдарламалар жасау қажеттігін қуаттады.
Айта кетсек, Иран мен Түркия кеден басшыларының бірлескен отырысы Түркияда өтті.


















