Беларусь президенті Александр Лукашенко Иран президенті Ибрахим Раисиді жаңа жылмен құттықтады.
Беларусь президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша Александр Лукашенко Беларусь халқы және жеке өз атынан Иран Ислам Республикасының президенті Ибрахим Раиси мен осы елдің азаматтарын Иран күнтізбесі бойынша жаңа 1403 жылмен құттықтады.
Құттықтау хатта: «Ашықтық, құрмет және тең диалог қағидаттарына негізделген біздің елдер арасындағы өзара іс-қимылдың достық сипатын үлкен қуанышпен атап өтемін.
Биыл Минск пен Тегеран өткен жылдың наурыз айында Иран Ислам Республикасына жасаған сапарым барысында жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтар негізінде ынтымақтастықты одан әрі серпінді түрде кеңейтетініне сенімдімін.
Көктемгі Наурыз мейрамы енгізетін ояну Сіздің жауапты қызметтегі мәртебелі қызметіңізге үлес қоса берсін», — деп жазылған.
Иранда бүгін Наурыз мейрамының енуімен хижра шамси жыл санағы бойынша 1403 жыл басталды.



















