Иранның Сауда палатасының өкілі Фаршид Фарзанган елінің Сауд Арабиясымен бірлескен сауда палатасын құруға дайын екенін мәлімдеді.
Еуразия Тудейдің Sputnik агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Фаршид Фарзанган Иран мен Сауд Арабиясы арасында ортақ сауда палатасын құру мүмкіндігі туралы айтты.
Фарзанганның айтуынша, бұл қадам Иранның Жидда мен Эр-Риядтағы елшілігі және консулдық мекемелерімен ынтымақтастықта жүзеге асырылады.
Мәлімдемелерге сәйкес, бірлескен сауда палатасының құрылуы екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықты нығайтудағы маңызды қадам ретінде қарастырылады. Сонымен қатар шенеуніктер аталмыш палата екі ел арасындағы экономикалық қарым-қатынастардың тұрақты дамуына үлес қосады деп үміттенеді.
Екі ел арасындағы сауда делегацияларымен алмасудың мұндай жоспарлары елшіліктердің қайта ашылып, елшілердің қызметтеріне кіріскен сәттен басталады және бұл алмасулар екі ел үшін одан әрі ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктер туғызуы мүмкін.
Сонымен қатар Иран Сауда палатасының өкілі болат, шафран, кілем және кептірілген жемістер сияқты өнімдерге назар аудара отырып, Иран мен Сауд Арабиясы арасындағы сауда қарым-қатынастарын жақсарту мүмкіндігін атап өтті. Бұл ретте Фаршид Фарзанган екі ел арасындағы тауар айналымы орта мерзімді перспективада екі миллиард долларға жетеді деп болжады.
Фаршид Фарзанган сөзінде дипломатиялық қарым-қатынастарды қалпына келтіру мақсатында 2023 жылдың наурыз айында жасалған келісімнен бері Иран мен Сауд Арабиясы арасындағы сауда айтарлықтай өзгерістерге ұшырағанын атады.
Иранның Сауда палатасы өкілінің айтуы бойынша, келісім жасалғаннан кейінгі алғашқы бірнеше айда Иран Сауд Арабиясына шамамен 14 миллион доллар болатын болат экспорттады. Шенеуніктер екіжақты тауар айналымы жақын арада 1 миллиард долларға жетуі мүмкін екенін болжап, болат, шафран, кілем және кептірілген жемістер сияқты өнімдерді назарға ала екі ел арасындағы тауар айналымы орта мерзімді перспективада екі миллиард долларға жетеді деп болжайды.


















