Иранның Сауд Арабиясындағы елшісі Тегеран мен Эр-Рияд қарым-қатынасының маңыздылығын атап, оның екі ел басшыларының күш-жігерімен жалғасатынын айтты.
Еуразия Тудейдің ISNA агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, Иранның Сауд Арабиясындағы елшісі Әлиреза Энайати биылғы жылғы қажылық туралы Independent Arabia басылымына сұхбат берді. Елші сұхбатында қажылық мұсылмандар арасындағы достық пен сүйіспеншілікті арттыратынын атап өтті.
Әлиреза Энайати: «Біз Иран мен Сауд Арабиясы арасындағы байланысқа үлкен мән береміз және осы жолды екі ел басшыларының күш-жігері мен басшылығымен жалғастырамыз. Ал, қажылық — осындай қатынас негіздерінің бірі», — деді.
Independent Arabia басылымына берген сұхбатында елші 90 мыңға жуық ирандықтың Сауд Арабиясында парыздарын толық сенімділікпен орындай алғанын атап өтті.
Әлиреза Энайати Сауд Арабиясы билігінің қажылардың істерін жеңілдету үшін көп күш жұмсағанын жоғары бағалап, алғыс айтты.



















