Гилян провинциясындағы Рашт-Каспий теміржолының жобасы бүгін, 20 маусымда Иран президентінің міндетін атқарушы Мохаммад Мохбердің қатысуымен іске қосылады.
Еуразия Тудейдің Sputnik агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Гилян провинциясындағы Рашт-Каспий теміржолының жобасы 2024 жылдың 20 маусымында Иран президентінің міндетін атқарушы Мохаммад Мохбердің, Жол және қала құрылысы министрі Меһрдад Базарпаштың, Ресей Федерациясы Президентінің кеңесшісі Игорь Левитиннің, Әзірбайжан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Шахин Мұстафаевтың және Астрахан облысының губернаторы Игорь Бабушкиннің қатысуымен ашылады.
Аталмыш жоба Иран мен аймақтық көлік желілеріне айтарлықтай пайда әкеледі. Стратегиялық маңызды халықаралық Солтүстік-Оңтүстік көлік дәлізінің (INSTC) маңызды бөлігі болып табылатын бұл теміржол жобасы іске қосылғаннан кейін Парсы шығанағы Каспий теңізіне теміржол арқылы қосылады.
Ұзындығы 37 шақырым болатын Рашт-Каспий теміржолы Қазвин-Рашт теміржол бағытын аяқтап, Рашт қаласын Каспий теңізімен байланыстырады. Теміржол Иранның оңтүстік пен солтүстік айлақтарын біріктіріп, осы елдің аймақ елдері және Еурапамен сауда байланыстарын нығайтады.
Рашт-Каспий теміржолының басты мақсаты да Иран мен Каспий теңізі аймағының солтүстігі мен оңтүстігінде теміржол желісімен көлік және сауда байланыстарын жеңілдету үшін байланысты жақсарту болып табылады. Ол жүктер мен жолаушыларды тасымалдаудың неғұрлым тиімді және үнемді түрін қамтамасыз етеді.


















