Иран Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Әли Бақери Сауд Арабиясының Тақ мұрагері Мұхаммед бен Салманның Иранға келетінін айтты.
Еуразия Тудейдің IRNA ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Әли Бақери бұл мәлімдемені министрлер кабинетінің отырысынан кейін жасады.
Иран Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Сауд Арабиясы Корольдігінің Тақ мұрагері ханзада Мұхаммед бен Салман Әл Саудтың Иранға сапары қос ел арасындағы күн тәртібінде, бұл тақырып жаңа Үкімет құрылғаннан кейін қайта талқыланатынын айтты.
Сауд Арабиясы мен Иран — екі қуатты көршілес елдер. Иран мен Сауд Арабиясы арасындағы қарым-қатынас 2016 жылы Эр-Риядта корольдікті сынаған ықпалды шиіт уағызшысы Нимр ан-Нимр өлім жазасына кесілгеннен кейін шиеленісе түсті. Бұл жағдайдан кейін Теһранда демонстранттар Сауд Арабиясының елшілігіне шабуыл жасап, Эр-Рияд Иранмен дипломатиялық қарым-қатынасын үзген болатын.
Сауд Арабиясы мен Иран арасындағы ресми байланыс жеті жылға тоқтағаннан кейін биыл наурыз айында Қытайдың делдалдығымен Теһран мен Эр-Рияд арасындағы дипломатиялық қатынас қайта қалпына келтірілді.

















