Бүгін, 26 шілдеде Парижде Олимпиада ойындары салтанатты түрде ашылады.
Ашылу салтанаты тарихта тұңғыш рет стадионда емес, қаланың көрікті жерлерінде өтеді. Волейбол Эйфель мұнарасы түбінде, ат жарыс Версаль сарайы маңында ұйымдастырылып, жүзгіштер бассейнде емес, Сена өзенінде жарысады.
Олимпиада ойындары ашылатын күні әр елден келген спортшылардың бәрі Сена өзенінен өз қайықтарымен жүзіп өтеді.
Ашылу салтанатын 300 мыңға жуық көрермен тамашалайды деп күтілуде. Олар үшін Сенаның жоғарғы жағалауында тегін орындар дайындалған.
Рәсімнің соңғы бөлігі Трокедеро алаңында өтеді.
Айта кетейік, Франция астанасындағы XXXIII Олимпиада ойындарына қатысатын қазақстандық спортшылар Парижге барып, олимпиадалық ауылға орналасты.



















