ХАМАС ұйымының жетекшісі Исмаил Ханияның денесі кеше, 2 тамызда Қатар астанасы Доханың солтүстігіндегі Лусаил қаласындағы зиратта жерленді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, жерлеу рәсіміне Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни мен Ханияның отбасы мүшелері қатысты.
Сонымен қатар ХАМАС ұйымының жетекшісін жерлеу рәсіміне қатысу үшін Қатарға Иранның бірінші вице-президенті Мохаммад Реза Ареф пен Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидан және шет елдердегі ХАМАС-тың барлық басшылары келді.
Исмаил Ханияның жерлеу рәсіміне мыңдаған адам жиналды. Сондай-ақ, осы күні Исмаил Ханияның оққағары да жерленді.
1 тамыз күні Тегеранда Исмаил Ханияны ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті. Ислам революциясының жетекшісі имам Хаменеи Тегеран университетінде Исмаил Ханияның жаназасын шығарады. Содан кейін Ханияның денесі Ираннан Қатарға жеткізілді.
Иранның жаңадан сайланған президенті Масуд Пезешкианның инаугурациясына қатысу үшін Тегеранға барған ХАМАС ұйымының саяси жетекшісі Исмаил Хания 31 шілде күні қаза тапты.


















