Түркіменстанның Ирандағы Бас консулы Ильяс Гарипов Хорасан-Разави провинциясы губернаторының орынбасары Хасан Нуризадемен кездесті.
Еуразия Тудейдің Түркіменстанның Мешхед қаласындағы Бас консулдығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша кездесу барысында тараптар Түркіменстанның Мары велаяты мен Иранның Хорасан-Разави провинциясы арасындағы өңіраралық ынтымақтастықты дамыту туралы пікір алмасты.
Келіссөздер барысында Ильяс Гарипов пен Хасан Нуризаде Түркіменстан мен Иран қарым-қатынасының сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қарқынды дамуын атап өтті.
Кездесуде екі елдің өңірлері арасындағы байланысты нығайту перспективаларына баса назар аударылды. Бүгінде Иран мен Түркіменстан арасындағы шикізаттық емес тауар айналымы артқан.
Айта кетейік, соңғы төрт айда Иранның Түркіменстанмен тауар айналымы шамамен 156 миллион АҚШ долларын құрап, 447 мың тоннаға жетті. Өткен жылдың осы кезеңінде Иранның Түркіменстанмен сауда айналымы 422 мың тоннаны құрады.
Иран Ислам Республикасы — Түркіменстанның ірі сауда-экономикалық серіктесі.
Екіжақты әріптестікті нығайтуда экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Түркіменстан-Иран үкіметаралық комиссиясы маңызды рөл атқарады.

















