Әбу-Дабидегі Талибан елшісі БАӘ СІМ өкіліне сенім грамотасының көшірмелерін табыс етті.
Еуразия Тудейдің TOLOnews агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Талибан елшісі болып Бадруддин Хаккани тағайындалды.
Бадруддин Хаккани кеше, тамыздың 21 күні Бірікен Араб Әмірліктері Сыртқы істер министрінің орынбасары Сейф Абдулла әл-Шамсиге сенім грамотасының көшірмелерін табыс етті.
Сейф Абдулла әл-Шамси Талибан елшісіне БАӘ мен Талибан Үкіметі арасындағы екіжақты қатынас пен ынтымақтастықты нығайтуда табыс тіледі.
Бұған дейін Өзбекстан Премьер-министрі де елінің жақын арада Талибан қозғалысының елшісін қабылдайтынын мәлімдеді.



















