ХАМАС басшысы палестиналықтардың қарсылықты жалғастыруға бел буғанын баса айтты.
Еуразия Тудейдің Al Jazeera телеарнасына сілтеме жасап хабарлауынша, Батыс жағалаудағы ХАМАС қозғалысының жетекшісі Захер Джабарин Палестина халқы сионистік режимнің қауіп-қатерінен қорықпайтынын дәлелдегенін айтып, палестиналықтардың осы маңызды кезеңде бірлікке қол жеткізуі керек екенін мәлімдеді.
Захер Джабарин сөзінің жалғасында: «Палестина халқы Израильдің барлық қылмысына қарамастан, ешқашан берілмейді. Қазіргі болып жатқан жағдай — экстремистік Израиль билігі әрекеттері салдарынан туындаған таза діни соғыс», — деп қуаттады.
Джабарин сонымен қатар палестиналықтар осындай қиын жағдайда бірігуі керектігін айтып, «Фатх» қозғалысын палестиналықтарды қолдау үшін шұғыл шара қабылдауға шақырды.
Джабарин жалғасып жатқан келіссөздердегі басты мәселе деп өзінің жеке мүддесі үшін соғысты ұзартуға тырысқан Беньямин Нетаньяхуды атады. Ол Нетаньяху Газа секторындағы атысты тоқтату туралы келісімге кедергі келтіргені үшін жауап беретінін де айтты.
Батыс жағалаудағы ХАМАС қозғалысының жетекшісі сөзін қорытындылай келе, Палестина халқы барлық қиындыққа қарамастан қарсылықты жалғастыруға бел буғанын мәлімдеді.




















