Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи Сыртқы істер министрлігінің бодибилдингтен әлем чемпионатын өткізуді міндетті түрде қолдайтынын айтты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Иран СІМ басшысы Аббас Арақчи Иранның Бодибилдинг және фитнес федерациясының президенті Абдул Маһди Насирзадемен кездесіп, алдағы уақытта өтетін бодибилдингтен әлем чемпионаты жөнінде пікір алмасты.
Бодибилдинг және фитнес Федерациясының президенті Аббас Арақчиді әлем чемпионатына арнайы қонақ ретінде шақырып, Дүниежүзілік бодибилдинг федерациясы президентінің құттықтауын табыс етті.
Арақчи кездесуде Сыртқы істер министрлігі бодибилдингтен әлем чемпионатын өткізуге міндетті түрде қолдау көрсететінін айтып, маңызды шараның ең жоғары деңгейде өтетініне сенім білдірді.
Айта кетейік, бодибилдингтен әлем чемпионаты Иранда қыркүйек айының 23-27 күндері өтеді.
Бодибилдинг немесе дене мәдениеті — спорттың бір түрі. Бодибилдингтің басқа спорт түрлерінен айырмашылығы — күштің емес, дененің әдемі рельефінің қалыптасуына басты назар аударылуында.


















