Иран Президенті Масуд Пезешкиан жексенбі, 22 қыркүйек күні Нью-Йоркке БҰҰ Бас Ассамблеясының 79-сессиясына қатысу үшін барады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иран Президенті 24 қыркүйек күні БҰҰ Бас Ассамблеясында сөз сөйлейді. Онда Пезешкиан Ислам Республикасының әртүрлі мәселелер бойынша көзқарастары мен ұстанымдарын баяндайды. Сонымен қатар Пезешкианның «Болашақ саммитіне» қатысуы, АҚШ-тағы Иран диаспорасы мен БАҚ өкілдерімен кездесуі, сондай-ақ, бірқатар мемлекеттердің басшыларымен келіссөздері жоспарланған.
Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 79-шы сессиясы сейсенбі күні ашылады. Жыл сайынғы пікірталас 24-28 қыркүйек аралығында, сондай-ақ, 30 қыркүйек өтеді. Биыл сессия аясында алғаш рет «Болашақ саммиті» өтеді. Саммитте бейбітшілік пен жаһандық қауіпсіздік мәселелері талқыланады.
БҰҰ Бас Ассамблеясының 79-шы сессиясын Камерунның бұрынғы премьер-министрі Филемон Янг басқарады.



















