Армения астанасы Ереван қаласында Иранның сауда орталығы ашылады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Армения астанасында Иран мен Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері арасындағы сауда қатынасында дәнекер болуды көздейтін ирандық ірі сауда орталығының жұмыстары аяқталуда.
Иранның Армениядағы сауда орталығы 1 қазаннан бастап өз жұмысын бастайды деп күтілуде.
Ереван қаласындағы Иран сауда орталығының жалпы ауданы 18 мың шаршы метрді құрайды. Шамамен 10 мың шаршы метрді құрайтын орталық алаңында 107 көрме павильоны бар.
Сауда алаңынан басқа орталықта түрлі іс-шаралар, конференциялар мен фестивальдер өткізуге арналған орын қарастырылған. Ереван қаласындағы Иран сауда орталығының ашылу салтанатына Арменияның Экономика министрі мен Иранның Өнеркәсіп, кен және сауда министрі сияқты жоғары лауазымды тұлғалар қатысады деп күтілуде.
Сонымен қатар іскерлік қауым өкілдері мен Иранның ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарының басшылары да қатысады деп жоспарлануда.
Сауда орталығының ашылуы 2023 жылы ЕАЭО мен Иран Ислам Республикасы арасындағы еркін сауда жасау туралы қол қойылған келісім аясында жүзеге асырылып отыр.
Еревандағы бұл сауда орталығы тек ирандық тауарларды таныстыру алаңы ғана емес, сонымен қатар Иран мен ЕАЭО елдері арасындағы экономикалық байланысты нығайтудың маңызды құралына айналмақ.


















