Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи Сирияға Ислам Республикасының жолдауын жеткізетінін мәлімдеді.
Еуразия Тудейдің ИРНА агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, бұл туралы Аббас Арақчи кеше, жексенбі күні Киш аралында Әскери-теңіз күштері күнін мерекелеу рәсімі аясында тілшілерге берген сұхбатында мәлімдеді.
Арақчи сөзінде: “Сирия Үкіметіне Ислам Республикасының жолдауын жеткізу үшін Дамаскіге аттанамын. Иран араб елінде іріткі салып жатқан лаңкестермен күресте Сирия армиясы мен Үкіметін қолдауды жалғастырады”, — деді.
Иран СІМ басшысы сондай-ақ, елінің сионистік режим мен тәкфиршіл лаңкестер арасынан ешқандай айырмашылық көрмейтінін айтып: “Сионистік режим сәтсіздікке ұшырағаннан кейін дұшпан осы лаңкестік топтардың көмегімен аймақты тұрақсыздандыруға бағытталған зұлым жоспарларын жүзеге асыруға тырысады деп есептейміз. Сирия армиясы бұл лаңкестік топтарды бұрынғыдай тағы жеңеді”, — деп қуаттады.


















