Газа секторының Денсаулық сақтау министрлігі 45 129 палестиналықтың көз жұмғанын хабарлады.
Еуразия Тудейдің ИРНА агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Газа секторының Денсаулық сақтау министрлігі Израильдің 2023 жылдың 7 қазанынан бері Газа секторына жасаған шабуылдарында қаза тапқан палестиналықтардың 70 пайызын әйелдер мен балалар құрайтынын мәлімдеді.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдемесінде: “Соңғы 24 сағат ішінде сионистік армия Газа секторында төрт қылмыс жасады. Салдарынан 32 палестиналық қаза тауып, тағы 94-і жараланды. Газа секторында қаза тапқандар саны 45 129-ға жетті”, — деп жазылған.
Денсаулық сақтау министрлігі сондай-ақ соңғы 24 сағатта зардап шеккендердің жалпы саны артып, қазіргі уақытта 107 338-ге жеткенін хабарлады.



















