Иранның Сауданы дамыту ұйымының басшысы Мохаммад Әли Деһқан Деһнави Иранның ЕАЭО-пен сауданы 2,5 есеге арттыруға дайын екенін мәлімдеді.
Еуразия Тудейдің ИРНА агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Мохаммад Әли Деһқан Деһнави Иран мен ЕАЭО арасындағы жеңілдік сауда туралы келісімге қол қою соңғы бес жылда осы одақ елдерімен сауданың 2,5 есе артуына ықпал еткенін баса айтты.
Мохаммад Әли Деһқан Деһнави жеңілдік және еркін сауда туралы келісімдердің маңыздылығын айтып: “Иран бес жыл бұрын Еуразиялық экономикалық одақпен жеңілдік сауда келісіміне қол қойды. Соның нәтижесінде кейбір тауарларға тарифтер төмендетіліп, осы аймақ елдерімен сауда 2,5 есеге өсті.
Бұл қадам бізді осы одақпен еркін сауда келісімі туралы ойлануға итермеледі. Қазіргі уақытта Еуразиялық экономикалық одаққа мүше 5 елдің парламенттері бұл сауда келісімін бекітті. Енді келісім Иранда Сақшылар кеңесінің мақұлдауын күтуде. Келесі жылдың басынан бастап келісім күшіне енеді”,- деді.
Иранның Сауданы дамыту ұйымының басшысы ережелерді реформалау және жеңілдетуді, сауда келісімдері арқылы еркін сауданы дамытуды және экспортқа бағытталған өнімдер өндіруді Иранның сауданы дамыту ұйымының үш негізгі мақсаты деп атап: “Елдегі экспортты дамыту тек артық тауарларды экспорттаумен шектелмеуі керек. Себебі бұл тәсіл экспорттың секіруіне әкелмейді. Секіру дегеніміз — біз қай саланы дамыта отырып, сауданың өсуіне жағдай жасай алатынымызды түсінуіміз”, -деді.


















