Иран Ислам Республикасы БҰҰ Адам құқығы кеңесіндегі Азия-Тынық мұхиты тобының басшысы болып сайланды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Адам құқығы кеңесінде ең үлкен топ саналатын Азия-Тынық мұхиты тобы бұдан былай Иранның басқаруымен жұмыс істейді.
Иранның міндетіне адам құқығы кеңесінің отырыстарында топтың жұмыстарын үйлестіру және басқару, сонымен қатар адам құқығы жоғары комиссары кеңсесімен байланысты жұмыстар кіреді.
Аталған топтағы Иранның басшылығы осы аптада басталып, 2025 жылдың соңына дейін жалғасады.
Топ басшысы болу міндеті Женевадағы БҰҰ кеңсесіндегі Иран елшісі әрі тұрақты өкілі Әли Бахрейниге жүктелді.
Иранның консенсус қалыптастыру жолындағы сындарлы қатынасы мен күш-жігері осы елдің Адам құқығы кеңесінің Азия-Тынық мұхиты тобының басшылығына сайлануында маңызды рөл атқарды.

















