Иранның Батыс Азия елдерімен сауда балансы ағымдағы жылдың соңғы тоғыз айында оң үдеріске ие болды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иранның Сауданы дамыту ұйымының Батыс Азия департаментінің Бас директоры Абдул-Амир Рабиһави елінің соңғы 9 айдағы Батыс Азия елдеріне шикізаттық емес экспорт статистикасына тоқталып, Иранның осы елдермен сауда балансының оң сальдосы туралы айтты.
Абдул-Амир Рабиһави Иран күнтізбесі бойынша соңғы 9 айдағы Иранның Батыс Азия елдерімен сауда статистикасына сілтеме жасап: “Иранның Иракпен сауда айналымы 35 пайызға, Біріккен Араб Әмірліктерімен 11 пайызға, Түркиямен 59 пайызға, Кувейтпен 31 пайызға, Сириямен 21 пайызға, Қатармен 14 пайызға, Иорданиямен 508 пайызға, Оманмен 15 пайызға, Ливанмен 30 пайызға және Сауд Арабиясымен 9795 пайызға өсті”,- деді.
Рабиһавидің айтуынша, Иранның Сауд Арабиясымен сауда айналымы 200 мың доллардан 23 миллион долларға, Ливанмен 18 миллион доллардан 23 миллион долларға, Бахрейнмен 7 миллион доллардан 11 миллион долларға дейін өсті.


















