Иранның Мұнай министрі Моһсен Пакнежад Америка Президентінің Иранның мұнай экспортын нөлге жеткізу туралы арманы ешқашан орындалмайтынын айтты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иранның Мұнай министрі Моһсен Пакнежад ИРНА агенттігіне берген сұхбатында Иран билігі күшінің сырын халықтың аренада болуында деп атады.
Моһсен Пакнежад: “Трамп пен оның сыбайластарының қаншалықты сенімсіз екенін түсіну үшін қазіргі әлемнің қылмыскер көшбасшысы, яғни Нетаньяхудың Америка Президентінің бірінші қонағы болғаны жеткілікті.
Бұл олардың жасаған қылмыстарымен еш мәселесі жоқтығын көрсетеді. Адам құқықтары туралы ұрандатқан олар өтірік айтады. Газа секторының халқы бір жарым жылдан астам уақыт бойы қанға бөгіп, шаңға көмілді. Олар мыңдаған ер адам мен әйелдерді, қарттарды, жастар мен балаларды өлтіріп, ауруханаларды қиратты. Бірақ, бір-бірімен кездесіп, сөйлеседі.
Америка Президенті Иранның мұнай экспортын нөлге жеткізу туралы айтады. Бұл – ешқашан орындалмайтын арман.
Халқымыз революцияға адал болғанын және солай болып қала беретінін шерулерге қатысуымен көрсетті.
Еліміздің мұнай өнеркәсібі соңғы 46 жылдан бері жыл сайын толыққанды және тәуелсіз бола бастады”,- деді.



















