Батыс жағалаудағы Палестина исламдық қарсыласуы (ХАМАС) мәлімдеме жасап, басқыншылықтың соңына дейін кек алу мен күрестің жалғасатынын айтты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Палестина исламдық қарсыласу қозғалысының әскери қанаты “Изз ад-Дин әл-Кассам” бригадасының Тулькарм батальоны жариялаған қысқаша мәлімдемесінде сионистерден кек алудың жалғасатыны туралы хабарлады.
Мәлімдемеде басқыншылар Палестина жерінен кеткенге дейін қаза тапқандардың қаны үшін кек алудың ұмытылмайтыны айтылған.
Бейсенбі күні кешке Израиль БАҚ өкілдері осы режимнің полициясына сілтеме жасап, Тель-Авивтің оңтүстігіндегі Бат-Ям қаласында үш автобуста жарылыс болғанын хабарлады.
Израиль билігі бұл оқиғаны лаңкестік шабуыл деп бағалады.
ХАМАС Израильдегі көліктерге жасалған осы шабуылдардың жауапкершілігін өз мойнына алды.



















