Иран Президенті Масуд Пезешкиан мен Армения Премьер-министрі Никол Пашинян Кавказ аймағындағы оқиғалар туралы пікір алмасты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, телефон арқылы сұхбат барысында Президент Масуд Пезешкиан мен Армения Премьер-министрі Никол Пашинян Кавказ аймағындағы оқиғалар, соның ішінде Армения мен Әзірбайжан Республикасы арасындағы бейбітшілік және мемлекетаралық қатынас орнату туралы келісім туралы пікір алмасты.
Пезешкиан Иранның елдердің аумақтық тұтастығын сақтай отырып, аймақта, әсіресе көршілес елдермен бейбітшілік, келісім мен тұрақтылық орнатуды құптайтынын қуаттады.
Президент Пезешкиан Иран Ислам Республикасы мен Армения арасында дамып келе жатқан қарым-қатынасқа тоқталып, әртүрлі саладағы екіжақты келісімдерді жүзеге асыруды жеделдетуде екі елдің жауапты жоғары лауазымды тұлғаларының табандылығы қажеттігін айтты.
Армения Премьер-министрі сөзінде: “Армения осы келісімді жүзеге асыру, сондай-ақ аймақтық қарым-қатынас орнату мақсатында келіссөздер мен консультацияларды жалғастыруға ұмтылады. Біз жақын арада осы келісімге қол қою мен оны жүзеге асырудың куәсі боламыз деп үміттенеміз”, — деді.
Никол Пашинян Иран Президентіне жаңа кезеңдегі екіжақты қарым-қатынастың дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдіріп, елінің екі ел арасындағы келісімдерді жүзеге асыруға қол жеткізудегі мүдделілігі мен табандылығын мәлімдеді.


















