Иран СІМ басшысы Аббас Арақчи бүгін Армения астанасына ресми сапармен барады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Исмаил Бақайи мәлімдеді.
Бақайидың айтуы бойынша, Аббас Арақчи сапар барысында Армения билігімен екіжақты қарым-қатынас және Кавказ аймағындағы оқиғаларды талқылайды.
Иран Сыртқы істер министрлігі Telegram арнасында жариялаған мәлімдемесінде: “Иран Ислам Республикасы мен көршілес елдер арасындағы екіжақты қарым-қатынас пен Кавказ аймағындағы мәселелер бойынша тұрақты кеңесулер аясында еліміздің Сыртқы істер министрі дүйсенбі күні Ереванға барады”, — деп жазды.
Бақайидың айтуынша, армян тарапының бастамасымен өтуі тиіс осы сапар барысында Аббас Арақчи армяндық әріптесімен, Армения Премьер-министрімен және осы елдің басқа да жауапты тұлғаларымен кездеседі.


















