Түркіменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов Иран Президенті Масуд Пезешкианды Түркіменстанға ресми сапармен келуге шақырды.
Еуразия Тудейдің TDH агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Иран тарапының бастамасымен Түркіменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов пен Иран Президенті Масуд Пезешкиан телефон арқылы сөйлесті.
Ведомствоның мәліметінде: “Бүгін Түркіменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов пен Иран Ислам Республикасының Президенті Масуд Пезешкиан телефон арқылы сөйлесті. Сұхбат барысында Сердар Бердімұхамедов Иран Ислам Республикасының Президенті Масуд Пезешкианды елімізге келуге шақырды. Иран Президенті де түрікмен халқының ұлттық көшбасшысы мен Түркіменстан Президентін кез келген қолайлы уақытта Иранға келуге шақырды”, — деп жазылған.
Тараптар әңгіме барысында теңдік, тату көршілік және өзара құрмет қағидаттарына негізделген екіжақты қарым-қатынастың қазіргі деңгейін жоғары бағалады. Сонымен қатар, екі ел арасындағы ынтымақтастық саяси, дипломатиялық, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларда белсенді дамып келе жатқаны сөз болды.
Сердар Бердімұхамедов Түркіменстан мен Иран халықтарының мүддесі үшін екі мемлекет арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға күш салуды жалғастыруға дайын екенін растады.
Сұхбат соңында президенттер бір-біріне зор денсаулық, мемлекеттік қызметте табыс, екі ел халқына бейбітшілік пен өркендеу тіледі.


















