Будапешт Гаага Сотының Нетаньяхуды “Газада соғыс қылмысын жасау” айыбымен құрықтау талабына құлақ аспады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Израильдің 12 арнасы кеше, жексенбі күні Халықаралық қылмыстық Сот Мажарстанға сионистік режимнің премьер-министрі Бениямин Нетаньяхуды Будапештке енуден бұрын құрықтау туралы өтініш жасағанын хабарлады.
Израильдің 12 арнасы сионистік режимнің премьер-министрі Бениямин Нетаньяху Будапештке келіп жетуден бірнеше сағат бұрын Гаагадағы Халықаралық қылмыстық Соттың Мажарстанға оны «Газада соғыс қылмыстарын жасады» деген айыппен ұстау туралы өтініш жасағанын хабарлады.
Осы арнаның хабарлауы бойынша Қылмыстық Сот Нетаньяхуды құрықтау өтінішінің себептері мен шараны құпия сақтау қажеттігін түсіндірген. Сонымен қатар Гаага Сотының Мажарстаннан сұрауы ауқымды әрі егжей-тегжейлі болған әрі Будапештті ынтымақтастық жасауға шақырған.
Осы арнаның мәліметі бойынша Қылмыстық Сот Мажарстанға Нетаньяхудың қылмыстарын, соның ішінде ашықтыруды Газадағы қарудың бір түрі ретінде түсіндірген.
Израильдің 12 арнасы Мажарстан Халықаралық қылмыстық Соттың Нетаньяхуды тұтқындау туралы талабын орындамай, осы Соттың мүшелігінен шығатынын мәлімдегенін хабарлады.

















