Өзбекстан араб әлемінің мемлекеттерімен көп қырлы қарым-қатынасты, соның ішінде парламенттік қарым-қатынасты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев 7 сәуірде Парламентаралық одақ ассамблеясының 150 жылдық мерейтойы аясында араб мемлекеттері парламенттерінің басшыларын қабылдады.
Кездесуде соңғы жылдары Өзбекстан мен араб әлемі елдері арасындағы жан-жақты серіктестік қарқынды дамып келе жатқаны терең қанағаттанушылықпен атап өтілді.
Біріккен Араб Әмірліктері және Катар мемлекетімен қарым-қатынас стратегиялық әріптестік деңгейіне көтеріліп, Сауд Арабиясы және Мысыр елдерімен жан-жақты ынтымақтастық орнатылды.
Бахрейн Корольдігімен және Оман Сұлтандығымен жан-жақты ынтымақтастық тұрақты дамып келеді.
Жоғарыда аталған елдермен инвестициялық жобалардың портфелі 50 миллиард доллардан асты. Жасыл энергетика, химия өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, IT индустрия, көлік және логистика, инфрақұрылым және туризм салаларында жобалар жүзеге асырылуда. 500-ге жуық бірлескен кәсіпорын құрылды, тікелей рейстер саны аптасына 150-ден асады.
Аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, соның ішінде Таяу Шығыстағы жағдайды реттеу мәселелері де талқыланды.
Кездесуге Араб Парламентінің Төрағасы Мұхаммед бин Ахмад әл-Ямахи, Бахрейн Парламенті Өкілдер Кеңесінің Төрағасы Ахмад бен Салман әл-Мусаллам, Мысыр Өкілдер палатасының спикері Ханафи Әли Әл-Ғебали, Оман Кеңесінің Төрағасы Халид бин Хилал Аль-Маавали, Катар Кеңесінің төрағасы Хасан бен Абдулла әл Ғаним және Біріккен Араб Әмірліктері Федералдық Ұлттық Кеңесі Комитетінің төрағасы Али Рашид Әл-Нуайми қатысты.
Айта кетейік, 181 ұлттық Парламент пен 15 аймақтық бірлестікті біріктіретін Одақ ассамблеясы Орталық Азияда алғаш рет өтті.













