Иран мен Әзірбайжанның арнайы күштерінің бірлескен әскери жаттығуы Таулы Қарабақта өтіп жатыр.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иран Ислам революциясы Сақшылар корпусының құрлық күштері мен Әзірбайжан Республикасы армиясының арнайы бөлімшелері «Aрас-2025» оқу-жаттығулары аясында бірлескен оқу-жаттығуын өткізіп жатыр.
Иран Ислам революциясы Сақшылар корпусының құрлық күштері қолбасшысының операциялар жөніндегі орынбасары генерал Вали Мадани арнайы бөлімшелердің техникалық жабдықталуын және кәсіби даярлығын жоғары бағалады.
Генерал Мадани оқу-жаттығулардың екі елдің стратегиялық, операциялық және әскери мақсаттарын нығайтуға бағытталғанын, сонымен қатар Иран мен Әзірбайжан президенттері арасындағы келісімдерге сәйкес жүргізіліп жатқанын баса айтты.
Сондай-ақ, Вали Мадани бұл оқу-жаттығулардың бірінші кезеңі өткен жылы Иран Ислам Республикасының аумағында өткенін, ал қазіргі кезең бірлескен жоспардың жалғасы ретінде Әзірбайжан Республикасының аумағында жүзеге асырылып жатқанын айтты.
«Арас-2025» оқу-жаттығулары 21 мамырға дейін жалғасады.


















