Иран АҚШ-мен жанама келіссөздердің жаңа кезеңінің өтетін күні мен орны әзірге белгісіз екенін мәлімдеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иран СІМ баспасөз хатшысы Исмаил Бақайи жанама келіссөздердің жаңа кезеңінің өтетін күні мен орны туралы жарияланған ақпаратты теріске шығарып, оны тілшілердің болжамы деп атады.
Иран СІМ ресми өкілі Исмаил Бақайи ИРНА агенттігінің сұрағына жауап беріп: “Келіссөздердің келесі кезеңінің өтетін күні де, орны да әлі анықталмады. Бұл жөнінде бұқаралық ақпарат құралдарында таратылған ақпарат ресми расталмаған болжамдар”, — деді.
Исмаил Бақайи келіссөздерге қатысты Оман Сыртқы істер министрлігі тарапынан желіде жарияланған жазбаға түсініктеме беріп: “Бұл жалған ақпарат. Оның ресми дереккөздерге еш қатысы жоқ және шындыққа жанаспайды”, -деді.
Айта кетейік, Иран мен АҚШ арасындағы жанама келіссөздердің бесінші кезеңі мамырдың жиырма үші, жұма күні Италия астанасы Римде өтті.
Иран мен АҚШ Оманның қатысуымен 12 сәуір күні жанама келіссөздердің алғашқы кезеңін өткізді.
Келіссөздердің екінші кезеңі 19 сәуірде Италия астанасы Римде, үшінші кезеңі 26 сәуір күні, төртінші кезеңі 11 мамырда Оманда өтті.

















