Иран СІМ ресми өкілі Исмаил Бақайи сионистік режимнің Газа секторы мен Батыс жағалаудағы Палестина халқына қарсы жаңа қылмыстарын қатаң айыптады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Исмаил Бақайи сионистік режимнің Газа секторы мен Батыс жағалаудағы жаңа қылмыстарын, сондай-ақ Ливан мен Сириядағы жалғасып жатқан басқыншылығын қатаң айыптады.
Бақайи сионистік режимнің соңғы екі күнде бұрын-соңды болмаған қылмыстарына, соның ішінде дәрігер отбасының тоғыз мүшесінің өлтірілуі мен Газа орталығындағы “Фахми әл-Джарджави” мектебіне жасалған шабуылдан 50-ден астам жазықсыз палестиналықтың қаза табуына тоқталды.
Иран СІМ баспасөз хатшысы босқындар лагерлері мен жиналатын орындарға жасалған шабуылдар әскери қылмыстардың айқын мысалы болып табылатынын баса айтты.
Бақайи: “Үнсіздік пен тиімді халықаралық әрекеттің жоқтығы салдарынан сионистік режим өзінің қатыгездігі мен халықаралық нормаларды өрескел бұзуында ешқандай шекараны білмей, қорғансыз палестиналықтарға қарсы қылмыстарының ауқымы мен қарқындылығын күн сайын арттырып келеді”,-деді.
Иран СІМ өкілі бұл жағдай Палестинаның мазлұм халқын қорғау мақсатында дереу және шұғыл әрекет ету үшін әлемдік қауымдастықтың жауапкершілігін екі есе арттыратынын айтты.
Исмаил Бақайи Батыс жағалау мен Құдстағы сионистердің қылмыстарына, соның ішінде режимнің лауазымы жоғары тұлғаларының қасиетті әл-Ақса мешітіне батыл басып кіруі мен Палестина халқының мүлкін өртеп жіберудегі режимнің әрекеттеріне жиіркеніш білдірді.
Бақайи сионистік режимнің адамдарды өлтіру, үйлерді қирату және режимнің газалықтардың жерлерін басып алу әрекеттерінің әдеттегі жағдайға айналуына жол бермеу үшін барлық елдер мен халықаралық ұйымдардың шара қабылдауы заңды және моральдық міндеті екенін баса айтты.
Иран, Газа секторы, Исмаил Бақайи, Израиль қылмысы


















