АҚХА Басқарма кеңесінің отырысы қарсаңында Иран, Қытай және Ресей Елшілері кездесу өткізді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иран мен Қытайдың және Ресейдің Венадағы Елшілері АҚХА Басқарма кеңесінің отырысы қарсаңында кездесіп, алдағы отырыста қаралатын мәселелер бойынша үш елдің ұстанымдарын үйлестіруді талқылады.
Ресейдің Венадағы Елшісі және халықаралық ұйымдардағы тұрақты Өкілі Михаил Ульянов кездесу туралы кеше, бейсенбі күні X әлеуметтік желісіндегі аккаунтында: “Бүгін мен әріптестерім, Қытай мен Иранның тұрақты өкілдерімен кездесіп, алдағы АҚХА Басқарма кеңесінің отырысында талқыланатын мәселелер бойынша пікір алмастым. Үшжақты формат біздің ұстанымдарымызды жақсы үйлестіруге көмектесті”, — деп жазды.
Бұл кездесу жарияланған кестеге сәйкес Басқарма кеңесінің маусым айының ортасында Вена халықаралық орталығының ғимаратында өтетін кезекті отырысы қарсаңында өтті.
Иран мәселесі, соның ішінде Кепілдіктер туралы келісім мен Қауіпсіздік кеңесінің 2231 қарары бойынша Ислам Республикасының ядролық нысандарын тексеру осы отырыстың күн тәртібіне қайта енгізілді.
Сондай-ақ, Басқарма кеңесінің соңғы қарарына сәйкес Агенттік сұратқан АҚХА Бас директорының Иранның ядролық бағдарламасы туралы баяндамасын қарау жоспарлануда.


















