Иран Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчи уран байыту құқығынсыз келісім жасалмайтынын, елінің уран байытудан бас тартпайтынын тағы қуаттады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Аббас Арақчи егер мақсат ядролық қарудың жасалуына жол бермеу болса, келісімнің жүзеге асуы мүмкін екенін баса айтты.
Иран СІМ басшысы Аббас Арақчи X әлеуметтік желісіндегі парақшасында елінің ядролық және технологиялық мүмкіндіктерінің маңыздылығына тоқталып: “Ядролық реакторға отын өндіру үшін бірнеше елдің ғана мүмкіндігі болуының себебі бар. Бұл үшін маңызды қаржылық ресурстар мен стратегиялық саяси көзқарастан басқа, қажетті кадрлар мен технологияларды түрлендіруге қабілетті қуатты өндірістік база мен ғылыми-білім беру кешені қажет”,- деді.
Арақчи Иранның осы мүмкіндіктерге қол жеткізуде жоғары құн төлегенін баса айтып: “Біз бұл арманды жүзеге асырған ұлтжанды тұлғаларды ешқашан жерге қаратпаймыз. Уран байыту құқығымызды мойындамайынша, ешқандай келісімнің жасалуы мүмкін емес. Тек ядролық қару жасауды жоюға бағытталған келісімнің жасалуы мүмкін”,-деп мәлімдеді.


















